-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
LMI Өңірлік үйлестіру жүйесі, 2023
2023 жылдың 28-29 қарашасы, Алматы – Қазақстандағы ХКҚҰ миссиясының Орталық Азиядағы еңбек көші-қон бағдарламасына (LMI, 1-кезең) болжам мен шолу жасауға бағытталған Өңірлік Үйлестіру жүйесінің (ӨҮЖ) форумын өткізеді.
ӨҮЖЖ аймақтағы еңбек көші-қонының тенденциялары мен динамикасы,
28-29 қарашада өткен ӨҮЖ форумы Орталық Азия елдерінің тиісті мүдделі министрліктері мен мүдделі бөлімдерінен: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 70-ке жуық делегаттың басын қосты. і Швейцарияның Қазақстандағы Мәртебел Елшісі Салман Бал мырза, Қырғызстандағы «Благодать» қоғамдық қорының директоры Рахат Шакирова және Орталық Азиядағы ХКҚҰ-ның субөңірлік үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы – Зейнал Гаджиев мырза салтанатты түрде кіріспе сөз сөйледі.
Көптеген басқа тақырыптардың қатарында форум сессияларында Орталық Азиядағы еңбек көші-қонының ағымдағы динамикасы, мүдделі елдердегі LMI жобасының стратегиялық басымдықтары, кету алдындағы ақпараттық-коммуникациялық арналар және еңбек көші-қоны бойынша екіжақты келісімдер қарастырылды.
Өзбекстандағы PRA Dhaef Recruitment компаниясының бас директоры Равшан Атабаев мырза осы жоба аясында PRA жұмысына IRIS этикалық жалдау қағидаттарын енгізу және оның өзектілігін атап өтті: «Еңбек көші-қоны саласындағы PRA-ның белсенді қатысуы және ішкі еңбек нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, біртұтас нормативтік-құқықтық база мен лицензиямен расталған еңбек мигранттарын қабылдау және жіберу жұмысын бақылаудың жетілдірілген жүйелер қажет. Шетелде жұмысқа орналастыру үшін жұмыс күшінің көлемі әлі де жоғары болғандықтан, олардың жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік органдармен жақсы үйлестіру үшін жүйелі аймақаралық тәсіл қажет».
ӨҮЖ форумы Швейцариялық Даму және Ынтымақтастық Агенттігімен (SDC) жомарт қаржыландыратын ХКҚҰ-ның Орталық Азиядағы еңбек көші-қон бағдарламасы (1-кезең) аясында ұйымдастырылды.