-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Қазақстан 2002 жылғы 2 желтоқсанда ХКҚҰ мүше-мемлекеті болды. Елдегі Орта Азия үшін үйлестірушілік функциялары бар кеңсе ретінде Қазақстандағы ХКҚҰ миссиясы жобаларды әзірлеу және ресурстарды жұмылдыру үшін басымдықтарды айқындай отырып, субөңірлік стратегиялар мәнмәтінінде елдегі кеңселердегі жобаларды әзірлеуді, саясат пен кеңес берушілік процестерді ынталандырып, бағыттап, қолдау көрсете отырып, көші-қонның нақты субөңірлік мәселелерін және Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда және Өзбекстанда туындаған үрдістерді шешуге көмек көрсетеді.
ХКҚҰ Орталық Азиядағы стратегиясы
ХКҚҰ Орталық Азиядағы стратегиялық тәсілі Орталық Азиядағы даму мен экономикалық өсуге ықпал ету үшін көші-қон әлеуетін барынша пайдалануда жатыр. Осы тәсілге қол жеткізу және көші-қонды гумандық және реттелген басқаруды ілгерілету бойынша ХКҚҰ мандатын орындау үшін келесі мақсаттар анықталды:
- Үкіметтер, қоғамдастықтар мен жұмыс берушілер арасында көші-қон ұғымын жақсарту.
- Көші-қонды басқарудың тиімді жүйелерін құруға және заңсыз көші-қонға байланысты мәселелерді шешуге көмектесу.
- Мигранттардың құқықтарын ілгерілету және қорғау.
- Орталық Азиядағы мигранттар, жергілікті қоғамдастықтар және қабылдаушы қоғамдастықтар арасындағы кедейлікті қысқартуға септігін тигізу.
- Лайықты еңбек, жұмысқа тұруға тең мүмкіндіктер мен озық тәжірибені енгізу үшін қолайлы орта құруға септігін тигізу.
- Қауымдарды тұрақтандыру мен қақтығыстарға бейім аудандарда мигранттардың интеграциясын қолдау.
- Жолдағы адамдарға көмек көрсету.
- Адам саудасына байланысты, оның ішінде адам саудасының алдын алу және құрбан болғандарды қорғауға байланысты көптеген мәселелерді шешу.
Өңірдегі көші-қонның сыни мәселелері
Орталық Азия көші-қонды басқару саласында бірнеше сыни мәселелерге тап болады. Орталық Азиядағы көші-қонның маңызды мәселелеріне мыналар жатады:
- Бұл мәселелер бүкіл өңірдегі бар экономикалық, саяси және әлеуметтік шиеленісті көрсетеді.
- Inadequate national and regional migration policies and an underdeveloped legislative framework.
- Poor data collection, management and sharing, leading to inadequate understanding of the actual scope of migration and irregular migration.
- Underdeveloped capacity to deal with migration challenges. There is a need for more understanding of migration issues among state agencies, as well as building capacity to deal with migration and manage borders.
- Inadequate legal and social framework to protect migrants, particularly their human rights.
- Widespread labour and sexual exploitation of migrants.
- Lack of optimizing remittances: in a context where a high proportion of many Central Asian countries’ GDP comes from migrants working abroad. Governments lack the capacity to mainstream migration into the development agenda.
- The political uncertainty and disaster-prone geography that characterizes Central Asia requires community stabilization and disaster risk reduction.
Орталық Азиядағы интеграцияланған тәсіл
Орталық Азияның бес мемлекеті - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан тарих пен мәдениет тұрғысынан өзара тығыз байланысты. Сондықтан да осы елдердегі көші-қон мәселелері де өзара байланысты және ортақ тұстары көп. Осы мәселелерді шешуге, сондай-ақ Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықты қолдауға талпына отырып, ХКҚҰ жақында Қазақстандағы Астана қаласындағы үйлестірушілік кеңсесімен Орталық Азияның бес еліне аумақтық тәсілді қабылдады.
Келістілікті және ұзақ мерзімді тұрақты шешімдерді қамтамасыз ету үшін ХКҚҰ Орталық Азия елдеріндегі басқарудың бірыңғай тәсілін енгізді. Бұл тәсіл ХКҚҰ -ға қаражат жинау, жеделдік, есептілік, мөлдірлік және кәсібилік тұрғысынан жекелеген миссиялар әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ол Үйлестірушілік кеңсесіне бағдарламаларды басқаруға және бақылауға көмектеседі, бұл ХКҰ-ға операциялық шығыстарды бір мезгілде қысқарта отырып, өз әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Орталық Азиядағы ХКҚҰ интеграцияланған тәсілі мықты бәсекелік артықшылықты құрды. Бұл артықшылық үш фактормен шартталған. Біріншіден, ХКҚҰ бірыңғай басқару жүйесі операциялық шығыстарды бір мезгілде төмендете отырып, оның өңірдегі әлеуетін арттырады, бұл тиімді басқаруға мүмкіндік береді және барынша көп ықпал етуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ХКҚҰ командалық жұмысқа көп мән береді. ХКҚҰ Орталық Азиядағы ХКҚҰ миссиялары өңірлік жобалар шеңберінде тығыз ынтымақтастықпен шектелмей, сондай-ақ ХКҚҰ кластердің тікелей аумағынан тыс миссияларымен, әсіресе Ресей Федерациясымен тығыз өзара әрекеттеседі. Түптеп келгенде, ХКҚҰ -ның өңірде көптен бері болуы оның мол тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді. ХКҚҰ Орталық Азияның бағдарламалық, геосаяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық динамикасы туралы мол білімге ие.
ХКҚҰ өңірлік бағдарламалары трансшекаралық мәселелер бойынша үйлестіру мен келістілікті жақсартуға септігін тигізеді және ХКҚҰ Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің жергілікті орындарында болуының бәсекелестік артықшылықтарын пайдаланады. Мұнымен қоса, ХКҚҰ өңірлік бағдарламалары оған түрлі үкіметтер мен азаматтық қоғамның ұйымдарымен тығыз, үйлестірілген ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.