News
Local

Қазақстанда көші-қон деректерін басқарудың әлеуетін арттыру және кешенді тәсілдерді дамытуға арналған семинар

2024 жылғы 15–16 қарашада Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) «Көші-қон саясатын әзірлеу үшін көші-қон деректерін басқаруға арналған тұтас мемлекеттік тәсіл» тақырыбында семинар өткізді. Бұл іс-шараға мемлекеттік секторлардың негізгі өкілдері мен көші-қон саласының сарапшылары қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік секторларында деректерге негізделген шешім қабылдауды қолдау үшін көші-қон деректерінің жүйелері мен стратегияларын жетілдіру болды.

Семинарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан облыстарының полиция департаменттеріндегі көші-қон қызметі басқармаларының өкілдері, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстандағы көші-қон динамикасын түсінуге бағытталған талқылаулар өтті. Сондай-ақ, қатысушылар көші-қон деректеріне кешенді, жалпыұлттық тәсілдің маңыздылығын атап өтті. ХКҚҰ Ғаламдық деректер институтының аға өңірлік жоба менеджері Вивиан Ван Дер Ворст тиімді көші-қон деректері жүйелерін енгізудің негізгі стратегиялары бойынша сессиялар өткізіп, тиімді деректер жүйелерін құруға арналған халықаралық тәжірибелерді ұсынды.

Семинардың маңызды бөлігі – деректердегі олқылықтарды анықтау және ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру мүмкіндіктерін талқылауға арналған топтық сессия болды. Қатысушылар көші-қон деректерінің тұрақты жүйелері үшін үкіметаралық стратегияны қолдайтын құрылымды жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс жасады. Бұл үйлесімді тәсіл, ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға, деректердің дәлдігін, қолжетімділігін және оларды саясатты қалыптастыруда қолдануды арттыруға бағытталған.

Семинар мемлекеттік органдардың көші-қонды басқару жүйелерін әлемдік стандарттарға сәйкес келтіріп, кешенді деректер жүйелері арқылы жақсартуға деген қызығушылығын арттырды. Семинардың нәтижелері Қазақстанның көші-қон саясатын жетілдіруге және ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өсуді қолдай отырып, көші-қон деректерге негізделген басқарудың тиімді тәсілдерін ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Бұл шара Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Көші-қонды талдау және саясат үшін өңірлік деректер (REMAP)» жобасы мен Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігі қаржыландыратын «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны бағдарламасы» жобасы аясында өткізіліп отыр.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыс ақпараттары: iomastana@iom.int

SDG 10 - Reduced Inequalities
SDG 17 - Partnerships for the Goals