-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Түркістан еңбек мигранттары үшін көшпелі дайындық сабақтарын өткізу бойынша тренерлерге арналған тренинг өткізеді
4-7 қараша 2024, Түркістан, Қазақстан – Түркістанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) ұйымдастырған тренерлерге арналған тренингін өтуде. Тренингтің мақсаты қазақстандықтарды маусымдық жұмыскерлер бағдарламасы (SWS) шеңберінде Ұлыбританияда маусымдық жұмыспен қамтуға тиімді даярлау саласындағы еңбек ұтқырлығы орталықтарының әлеуетін арттыру болды.
Бағдарлама ауыл шаруашылығындағы, оның ішінде құс шаруашылығы мен бағбандышық маусымдық олқылықтардың орнын толтыру үшін маусымдық жұмысшылардың Ұлыбританияға 6 айға дейін кіруіне және жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Соңғы бірнеше жылда Ұлыбританияда маусымдық жұмыс визасын алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының саны айтарлықтай өсті. 2023 жылы Ұлыбританияға келген қазақстандық маусымдық жұмысшылардың саны рекордтық 5018-ге жетті. Бағдарлама шеңберінде қазақстандықтардың жұмысқа қабылдаудың өсуін ескере отырып, мигранттар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасы үшін осы көші-қонның тәуекелдерін азайту және пайдасын барынша арттыру үшін жалдау процесінен бастап жұмысқа орналасуға және үйге қайта оралуға дейінгі жұмысшылардың көші-қон тәжірибесі жағымды болуы өте маңызды.
Еңбек ұтқырлығы орталықтары әлеуетті еңбек мигранттарын шетелде және Ұлыбританияда, атап айтқанда, көшпелі дайындық сабақтары арқылы жұмыс істеуге даярлаудың негізгі мекемелері болып табылады. Еңбек ұтқырлығы орталықтары ұсынатын көшпелі дайындық сабақтары жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздік, өмір сүру жағдайлары, төтенше жағдайлар кезіндегі байланыс арналары және қаржылық сауаттылық, оның ішінде ақша аударымдарын басқару сияқты көптеген тақырыптарды қамтиды. Бұл сабақтар мигранттардың баратын елдері туралы білімдерін жетілдіруге және оларды шетелде тұру және жұмыс істеу, сондай-ақ төтенше жағдайлармен байланыс туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.
Сабақтар ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде жүргізіледі, ілеспе аударма қамтамасыз етіледі. Еңбек ұтқырлығы орталықтарынан 80-ге жуық тренер келешек маусымдық жұмысшыларды дайындау үшін қажетті дағдыларды дамытады деп күтілуде. Тренинг Ұлыбритания үкіметінің қаржылық қолдауымен Халықаралық даму үшін жүзеге асырылатын ХКҚҰ жобасының бөлігі болып табылады.