-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) Қазақстандағы өз қызметін 2002 жылғы 2 желтоқсанда бастады.
Елдегі Орталық Азия үшін үйлестірушілік функциялары бар кеңсе ретінде, Қазақстандағы ХКҚҰ миссиясы жобаларды әзірлеу және ресурстарды жұмылдыру үшін басымдықтарды айқындай отырып, субөңірлік стратегиялар мәнмәтінінде елдегі кеңселердегі жобаларды әзірлеуді, саясат пен кеңес берушілік процестерді ынталандырып, бағыттап, қолдау көрсете отырып, көші-қонның нақты субөңірлік мәселелерін және туындаған үрдістерді шешуге көмек көрсетеді. Қазақстандағы ХКҚҰ туралы көбірек біліңіз.
ХКҚҰ ғаламдық деңгейде
175 мүше мемлекеттері, тағы да 8 қадағалаушы ретінде мемлекеті және 100-ден астам елдерде өкілдіктері бола тұрып, ХКҚҰ баршаның игілігі үшін гуманды және реттелген көші-қонға ықпал етуге ұмтылады.
Ол бұны үкіметтер мен мигранттарға қызметтер мен кеңес беруді ұсына отырып жасайды.
ХКҚҰ көші-қонды реттелген және гуманды басқаруды қамтамасыз етуге көмектесу үшін, көші-қон мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету, миграциялық мәселелердің парктикалық шешімін іздеуге көмек көрсету және мұқтаж мигранттарға, оның ішінде босқындар мен ішкі қоныс аударатын тұлғаларға гуманитарлық жәрдем ұсыну үшін жұмыс істейді.
ХКҚҰ Конституциясы көші-қон мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму, сондай-ақ қоныс аудару еркіндігі құқығының арасындағы байланысты мойындайды.
ХКҚҰ көші-қонды басқарудың төрт кең саласында жұмыс істейді:
- көші-қон және даму
- көші-қонға ықпал ету
- көші-қонды реттеу
- мәжбүрлі көші-қон
Осы салаларды қамтитын ХКҚҰ қызметі халықаралық көші-қон заңнамасын ілгерілетуді, саясатты талқылауды және ұсынымдарды, мигранттар құқығын қорғауды, мигранттар денсаулығын қорғауды және көші-қонның гендерлік аспектісін қамтиды.