-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым баршаның игілігі үшін гуманды және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. ХКҚҰ 100-ден астам елде бар және 175 мүше елдердің көші-қонды басқаруды жақсартуына қолдау көрсетеді. 2019 жылы ХКҚҰ 30 миллион адамға, оның ішінде 23 миллион қоныс аударған тұлғаларға (тұлғалардың, мигранттардың және босқындардың ішкі қоныс аударуы) және 7 миллион қабылдаушы қоғамдастықтардың мүшелеріне қолдау көрсетті.
ХКҚҰ баршаның игілігі үшін гуманды және реттелген көші-қонды алға жылжытуға ұмтылады. Ол бұны үкіметтер мен мигранттарға қызметтер мен кеңес беруді ұсына отырып жасайды.
ХКҚҰ қызметі көші-қонды реттелген және гуманды басқаруға, көші-қон мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа ықпал етуге,көші-қон мәселелерінің практикалық шешімін табуға көмек көрсетуге және мұқтаж мигранттар немесе босқындар, ішкі қоныс аударған тұлғалар немесе басқа да қоныс аударған тұрғындар болсын гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған.
ХКҚҰ жарғысы көші-қон мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму, сондай-ақ қоныс аудару еркіндігі құқығының арасындағы байланысты тікелей мойындайды.
ХКҚҰ көші-қонды басқарудың төрт кең саласында жұмыс істейді: көші-қон және даму, көші-қонға ықпал ету, көші-қонды реттеу және мәжбүрлі көші-қон мәселесін шешу.
Бұл бағыттарды қамтитын қызмет халыаралық көші-қон заңнамасын дамытуға, миграциялық саясат мәселелері бойынша талқылаулар мен ұсынымдар әзірлеуге, мигранттар құқығын қорғауға, денсаулық сақтау және көші-қонның гендерлік аспектісі мәселелерін шешуге ықпал етуден тұрады.
- Қазақстанда ХКҚҰ мемлекеттік, үкіметаралық және үкіметтік емес серіктестермен тығыз ынтымақтастықта.
- Иммигранттарды медициналық тексеру
- Канада виза орталығы (CVAC)
- Техникалық ынтымақтастық және Орталық Азияда шекараларды басқару
- Адам саудасына қарсы іс-қимыл және Орталық Азиядағы мигранттарға көмек көрсету
- Орталық Азиядағы көші-қон және даму
- Орталық Азиядағы қоныс аудару