-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) Сізді баршаның игілігі үшін көші-қон мақсаттарын іске асыруға бағытталған түрлі ұжымдық бастамашылықтарға қатысуға шақырады.
Әрбір адам баршаның игілігі үшін көші-қон мақсаттарын, оның ішінде өсіп-өнген еліндегі мигранттар мен қоғамдастықтарды, транзит пен тағайындалған елді қоса алғанда, іске асыруда маңызды рөл атқаруы тиіс.
Көші-қон тұрақты дамудың барлық салаларына әсер етеді және соның әсеріне ұшырайды. Көші-қонды басқару 2030 жылға дейінгі Күн тәртібіне және оның тұрақты даму саласындағы (ТДМ) 17 мақсатына қол жеткізу үшін табыстың факторына айналады.
Мансап
ХКҚҰ командасының мүшесі болу жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейін, құзыреттілікті және адалдықты талап етеді. Сондай-ақ ХКҚҰ өз қызметкерлері арасында әділ географиялық теңгерімді қолдауға ұмтылады. Сондықтан біздің персоналды жалдау бойынша күш-жігеріміз өзіміздің мүше-мемлекеттерімізге бағытталған, бірақ олармен шектелмейді. Біз тең мүмкіндіктер ұсынатын жұмыс беруші болып табыламыз және өз ісіне адал, көші-қон саласындағы дағдылардың кең спектріне ие кәсіпқойларды іздейміз. ХКҚҰ қызметкерлері алуан түрлілік пен мәдени өзіндік ерекшелікті бағалайтын мультимәдениетті ортада жұмыс істейді.
Бізбен жұмыс жасау: сатып алулар
ХКҚҰ -ның мүше мемлекеттер мен донорлар арасындағы жақсы беделін айқындайтын маңызды фактор – оның сенімгерлік қорларды тиянақты басқаруы. ХКҚҰ көші-қонның ғаламдық мәселелеріне үн қата отырып өскен сайын, біздің сатып алуға деген қажеттіліктеріміз де арта түседі. Біз барлық сатып алу операцияларында ең жоғары этикалық стандарттарды ұстанамыз және жеткізушілерді өз саясатымыз бен іріктеу өлшемдерінің незігінде таңдаймыз.