-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Көші-қон жөніндегі жаһандық шарт бойынша өңірлік қорытынды дөңгелек үстел
2024 жылдың 14 мамырында Алматы қаласында Халықаралық көші-қон ұйымының «Орталық Азия елдерінің үкіметтеріне Көші-қон жөніндегі Жаһандық шартты жүзеге асыруда қолдау көрсету» жобасы шеңберінде Көші-қон жөніндегі Жаһандық шарт (КЖШ) бойынша қорытынды өңірлік дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Орталық Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиев мырзаның және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі Айтуар Мамлин мырзаның кіріспе сөздерімен басталды.
Іс-шараға Орталық Азия елдері Үкіметтерінің, үкіметтік емес сектордың, академиялардың, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген сарапшылар қауымдастығының 30-дан астам өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар 2024 жылдың наурызында Женева қаласында өткен БҰҰ ЕЭК елдеріндегі КЖШ бойынша Екінші Өңірлік шолу нәтижелері бойынша Жаһандық Шартты іске асырудың одан әрі қадамдарын, сондай-ақ Жаһандық шартты елдік және өңірлік деңгейлерде ілгерілету мақсатында жобаның тұрақтылығын нығайту жөніндегі алдағы әрекеттерін талқылады.
Сонымен қатар, қорытынды дөңгелек үстел шеңберінде жобаның қорытындылары жасалып, ұлттық және өңірлік деңгейлерде КЖШ іске асыру бойынша мемлекеттер мен мүдделі тараптардың күш-жігерін жандандыру бойынша ұсынымдар дайындалды.