-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
ХКҚҰ иммиграция және шекараны басқару саласындағы мемлекеттің атқарып жатқан шараларына қолдау көрсетуді жалғастыруда
Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясымен тығыз ынтымақтастықта «Мемлекеттік шекара арқылы мигранттарды заңсыз әкелу, әкету және транзитке қарсы күрестің озық әдістері» тақырыбында, осы саладағы заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша біліктілікті арттыру мақсатында ведомстволардың уәкілетті өкілдеріне бірқатар тренингтер өткізуде.
Тренингке Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері де қатысуда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мырза Шымкент қаласындағы тренингтің ашылу салтанатына қатысты.
Аталмыш тренинг уәкілетті ведомство қызметкерлерінің профильдеу, тәуекелдерді талдау, халықаралық тұрғыдан бұзушыларды ұстау әдістері бойынша біліктілігін арттыруға, ведомствоаралық өзара ынтымақтастық саласындағы білімдерін нығайтуға, сондай-ақ мигранттардың құқықтары мен қажеттіліктерін түсінуді жақсартуға бағытталған.
Іс-шара Иммиграция, босқындар және Канада азаматтығымен (IRCC) қаржыландыратын «Пәкістандағы және Орталық Азиядағы қоныс аударған ауғандықтар үшін көші-қонды басқаруды және қызметтерге қолжетімділікті жақсарту» атты ХКҚҰ аймақтық жобасы аясында өткізілуде.
Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, жобаның келесі кезеңі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті өкілдерінің біліктілігін арттыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталады.