News
Global

ХКҚҰ Бас директорының Ашхабадтағы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзі

2022 жылдың 11 желтоқсанында Ашхабадта Түрікменстан СІМ мен
БҰҰ ұйымдастырған «Диалог - бейбітшілік кепілі» халықаралық конференциясындағы бейнежолдауында ХКҚҰ Бас директоры
Антонио Виторино: «ХКҚҰ бейбітшілік үшін жаңа күн тәртібін алға ілгерілетуге, әсіресе қақтығыстар орын алған және тұрақсыз мемлекеттерде, яғни ОДМ-ға қол жеткізу бойынша артта қалған жерлерде ОДМ-ға қол жеткізуді жеделдетуге толықтай дайын. Осы мақсатта ХКҚҰ БҰҰ жүйесіне қақтығыстың негізгі факторларын жақсырақ түсінуге және туындайтын тәуекелдерді басқару үшін елеулі шаралар ұсынуға көмектесу үшін гуманитарлық қызмет, даму және бейбітшілік пен көші-қонды басқару арасындағы байланыс шеңберінде тұрақсыз жағдайларда көмек көрсету мақсатында өзінің талдамалық құралдарын, қауым деңгейіндегі жоспарлау тәжірибесін, жедел әлеуетін пайдаланады», - деді.
  Конференция Түрікменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесін жариялаудың 27 жылдығына арналды. Оған Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтері мен парламенттерінің,
БҰҰ мекемелерінің жоғары мәртебелі және жоғары лауазымды тұлғалары, Ашхабадта орналасқан халықаралық және дипломатиялық корпустың елшілері мен өкілдері қатысты.

ХКҚҰ-ның Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиев «Диалог арқылы азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті нығайту» тақырыптық сессиясы барысында мәлімдеме жасап, ХКҚҰ мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтіп, климаттың өзгеруі проблемаларын және табиғи апаттар тәуекелдерін шешу бойынша Түрікменстанның ұлттық әлеуетін нығайтуға ерекше назар аударды.

SDG 10 - Reduced Inequalities
SDG 13 - Climate Action