News
Local

Халықаралық көші-қон ұйымы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Орал қаласы бойынша департаментінің өңірлік оқу орталығына барды

12 наурызда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Орал қаласы бойынша департаментінің Өңірлік оқу орталығына Шекара қызметі офицерлерінің әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттің атқарып жатқан шараларын қолдау мақсатында оқу құралдарын тапсырды. 

Сапар барысында Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен жаңа оқу кабинетінің ашылуына орай  ХКҚҰ Орталық Азия бойынша суб-өңірлік үйлестірушісі, ХКҚҰ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан бойынша кеңсенің басшысы Зейнал ГАДЖИЕВ қызыл лента қию рәсіміне қатысты. 

Халықаралық көші-қон ұйымы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, оның ішінде заңсыз көші-қонға және мемлекеттік шекарада мигранттарды заңсыз әкелуге/әкетуге қарсы күресте офицерлердің біліктілігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде, Халықаралық көші-қон ұйымының қатысуымен мигранттарды заңсыз әкелу/экспорттау және транзитпен күресу бойынша оқу-әдістемелік құралын әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оның құрамына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, ҚР  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының, сондай-ақ бірқатар ведомстволардың өкілдері кірді.  Осы тақырыпта бұдан әрі салада ұлттық сарапшылар тобын құру көзделген. 

Сонымен қатар, ХКҚҰ жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға байланысты мәселелерді шешуде денсаулық сақтау және денсаулық сақтау емес агенттіктерінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы мемлекеттің шараларын қолдайды. 

ХКҚҰ  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мигранттардың құқықтарын сақтай отырып, шекараны қорғау саласындаға ынтымақтастықты бұдан әрі қолдауды жалғастырады.