News
Local

Ешкімді шетте қалдырмау

Апаттар кезінде ешкімнің көмексіз қалдырылмауы БҰҰ көші-қон агенттігінің ұстанымы болып табылады.

Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі су тасқыны бойынша күрделі жағдайға байланысты ХҚҰ ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) серіктестерімен бірлесіп, Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі қолдауымен аймақтық жоба аясында көмек алатын бенефициарларға жәрдем беруін жалғастыруда.

Бенефициарлармен тығыз байланыс пен тұрақты мониторинг арқасында Ақтөбедегі ҮЕҰ серіктесіміз жоба бенефициарларымен дер кезінде байланысып, олардың қажеттіліктерін анықтай алды.

Осылайша, ҮЕҰ жергілікті атқарушы органдармен жәрдемдесу мен ынтымақтасу арқылы бенефициарларға ХҚҰ жобасы аясында олардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға тікелей ықпал ететін көмекті жылдам көрсете алды.