-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
БҰҰ ЕЭК өңірі елдерінің КЖШ бойынша Екінші Өңірлік Шолуы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) өңірі елдерінің Қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон жөніндегі жаһандық шартты (КЖШ) жүзеге асыру бойынша Екінші Өңірлік Шолу Женева қаласында 2024 жылдың 11 наурызында өткізілді. Қазақстан атынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің Төрағасы Асқарбек Ертаев мырза қатысты.
2018 жылы Қазақстан Халықаралық көші-қон саласындағы ынтымақтастықты жақсартуға мүше мемлекеттердің ұжымдық бейілділігін қолдай отырып, КЖШ-ға қол қойған елдердің қатарына енді. Жаһандық шарт 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының Күн тәртібін басшылыққа алады. КЖШ адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды басшылыққа алады. Осыған байланысты қабылданған міндеттемелерді жүзеге асыра отырып, мүше мемлекеттер көші-қон циклының мәртебесіне қарамастан, барлық кезеңдерінде көшіп-қонушылардың құқықтарын тиімді сақтауды және қорғауды қамтамасыз етеді.
Екінші Өңірлік Шолудың мақсаты — мүше мемлекеттер мен мүдделі тараптарға КЖШ-ны іске асырудағы прогресті және кез келген анықталған олқылықтар мен сын-тегеуріндерді бағалауды жүргізу мүмкіндігін беру, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған КЖШ мен Орнықты даму саласындағы Күн тәртібі мен басқа да тиісті жаһандық және өңірлік негіздемелік бағдарламалар арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған қолданыстағы бастамалар мен тәжірибелерді талқылау, сонымен қатар, көші-қон саласындағы өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту үшін алаң құру болды.
Іс-шара үкіметтік емес секторды қоса алғанда, мүдделі тараптардың қатысуымен Көпжақты тыңдаулардан және Үкіметаралық конференциядан тұрды. Үкіметаралық конференция мүше мемлекеттерге және тиісті мүдделі тараптарға пікірталастар үшін, сондай-ақ көші-қонның жалпы пайдасын оңтайландыру үшін кешенді тәсіл қажет екенін мойындайтын халықаралық көші-қон туралы кешенді көзқарасқа сәйкес КЖШ шеңберіндегі прогресті ұсыну және шолу үшін кеңістік берді.
Қазақстан Үкіметі Екінші Өңірлік Шолудың төртінші сессиясы шеңберіндегі негізгі баяндамашы болып табылды. Сессия КЖШ-ның 1, 3, 7, 17 және 23 мақсаттарына қол жеткізген прогресті талқылауға мүмкіндік берді. Талқылау деректер, ақпарат беру, осалдықты азайту, кемсітушілікті жою және халықаралық ынтымақтастық саласындағы аймақтық ынтымақтастықтағы прогресс пен мәселелер мысалдарына бағытталды.
Халықаралық Көші-қон Ұйымы Жаһандық шарттың мақсаттарын іске асыруда Қазақстан үкіметіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Мәселен, 2023 жылы ХКҚҰ Көші-қон мәселелері бойынша ресурстарды бөлу комитеті қаржыландырған КЖШ-ны іске асыруға Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне қолдау көрсетуге бағытталған өңірлік бағдарламасы басталды.
Естеріңізге сала кетсек, БҰҰ ЕЭК-ке мүше мемлекеттердің Көші-қон жөніндегі жаһандық шартты іске асыру жөніндегі алғашқы өңірлік шолуы 2020 жылғы 12-13 қарашада онлайн форматында өтті. Қорытынды есеп 2022 жылдың 17-20 мамырында Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өткен Халықаралық көші-қон мәселелері жөніндегі бірінші форумында ұсынылды.