-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Жеке сектор мен ХКҚҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту
2024 жылғы 13 маусым, Un Plaza Almaty, UN House Astana, Kazakhstan – Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) гибрид форматындағы семинарда жеке сектор мен ХКҚҰ өкілдері үшін мигранттардың көші-қоны мен адам құқықтары саласындағы жалпы мақсаттарын, мәселелері мен тәсілдерін талқылады.
Сессияның негізгі мақсаты ХКҚҰ-ы мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл әдістерін, стратегиясы мен практикасының хабардарлығын арттыру және ынтымақтастықтың әлеуетті салалары мен нысандарын зерделеу болды. Сессия көші-қон саласымен байланысты бастамалар арқылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі жоспарын іске асыру мақсатында жеке сектор мен мүдделі тараптарының өзара іс-қимыл жоспарын талқылады.
ХКҚҰ бұл тренингті Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген бизнес өкілдері үшін ұйымдастырды. Семинар барысында бірнеше сессиялар, соның ішінде екі интерактивті сессия кірді: іскерлік ойын және дөңгелек үстел. Іскерлік ойын барысында қатысушылар адам құқықтарының мемлекет мәселесіне ғана емес, жеке ұйымдарға қалай айналғанын анықтау үшін топтық пікірталастар өткізді. Талқылаудың негізгі сұрағы: Қазақстандағы бизнеске еңбекші мигранттарының құқықтарын қорғау және сақтау бойынша өз саясатын әзірлеу қажет пе? Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікір алмасып, ХКҚҰ мен Қазақстандағы жеке сектор арасындағы әлеуетті ынтымақтастықтың басым бағыттарын қозғады. Берілген сессияның нәтижелерін ХКҚҰ жеке секторды қатысу стратегиясын және саладағы бағдарламалық интервенцияларды әзірлеу үшін негіз ретінде пайдаланады.
Юлия Мелничуктың пайымдауынша, соңғы жылдар аралығында көші-қон мәселесін басқару жүйесінің кеңейуі байқалуда. Мемлекеттік мекемелер мен министрліктердің қатысуымен қатар жеке сектордың, қоғам мен жергілікті қауымдастықтардың дербес әрекеттері орын табуда. Әр субъектінің ұжымдық үлесі мен белсенді қатысуы бұл жұмыстың бірлескен сипатының белгісі - деді Юлия Мельничук.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 2030 жылға дейін халық пен планета үшін бұрын-соңды болмаған жаһандық мүмкіндік, жан-жақты және өршіл даму бағдарламасының көзі. ТДМ 17-де білім, тәжірибе, технологиялар мен қаржы ресурстарын жұмылдыратын және алмасатын көпжақты серіктестіктермен толықтырылатын орнықты даму жөніндегі жаһандық әріптестікті күшейту мақсатында іске асыру құралдарын нығайту қажеттілігінің бар екендігін атап өтіледі.
Жеке сектор өкілдері арасында көпжақты серіктестіктерді қалыптастыруды ынталандыратын "барлық қоғам" қағидатына және ТДМ 17 бастамалыры сәйкес келеді. Әлеуметтік және экономикалық инвестицияларды қолдау, инновациялық шешімдерді құру және технологиялар мен білім беруді қолдау арқылы жеке сектор тұрақтылық мәселелерін шешуге және көші-қон саласын тиімді етуге өз үлесін қоспақ.
Бұл бастама Орталық Азиядағы еңбек көші - қонын қолдау үшін үйлестіру тетіктерін дамытуға бағытталған "Еңбек көші-қоны бағдарламасы - Орталық Азия" ХКҚҰ жобасы шеңберінде Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауының арқасында мүмкін болды.