-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Жаһандық ынтымақтастық Стратегиялық серіктестік арқылы жалғасуда
13 наурыз күні Саясат пен Стратегияны дамыту жөніндегі жаһандық желі (GPN) және Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің өкілдерімен, сондай-ақ аймақтық министрліктердің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Бұл кездесудің басты мақсаты GPN-нің еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау жөнінде талқылаулар жүргізу және болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастыру.
Саясат пен стратегияны дамыту жөніндегі жаһандық желісіне мүшелік тегін және ерікті екендігін атап өту қажет. Бұл ХКҚҰ-на мүше мемлекеттеріне қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қонды қамтамасыз етуге, сондай-ақ көші-қон саясатын басқаруды нығайту жөніндегі өз міндеттемелерін орындауда жәрдемдесуге бағытталған. Кездесу барысында желі құрамына жұмыс күшін жалдау, инспекциялар мен құқық қорғау саясаты, екіжақты ынтымақтастық, уақытша және маусымдық схемалар ұйымдарының қызметін лицензиялау және қадағалау мәселелерімен айналысатын жұмыс топтары және кәсіби дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа тармақтары кіретіндігі аталып кетті. Женева қаласында орналасқан GPN хатшылығының кеңесшісі Анастасия Браун берілген уақытта желіде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өкілдерінің аз екендігін атап өтті. Алайда, желі ұлғаюда, бүгінгі күні Қазақстан мен Тәжікстан елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізілу барысында. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі Айтуар Мамлин мырза Қазақстан үшін берілген бағдарлама жақсы мүмкіндіктердің бірі және бұл желі көші-қон бағдарламаларын іске асыруда жәрдемдесетіндігіне өз сенімін білдірді.
Кездесудің негізгі қорытындылары министріліктердің берілген желіге мүше мемлекет ретінде кіру жөніндегі қызығушылықтарын білдіруі, 2024 жылы 10-11 маусым күндері Женевада өтетін кездесуге қатысуға келісім беруі, сондай-ақ ХКҚҰ -ның GPN өкілдерін SDG Business Accelerator-ға шақыруы болды.