News
Local

Көші-қон саясатындағы басты оқиғалар мен сын-қатерлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел

Шымкент, 2022 жылғы 2 желтоқсан – жыл сайын 18 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық мигрант күні қарсаңында, сондай-ақ Көші-қон туралы жаһандық шарттың (КЖШ) міндеттеріне қол жеткізу бойынша БҰҰ желісінің мерзімді консультациялары шеңберінде Көші–қон жөніндегі халықаралық ұйым (ХКҚҰ) - БҰҰ көші-қон агенттігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен тығыз ынтымақтастықта Шымкент қаласында Қазақстан Республикасындағы көші-қон ағындары мен көші-қон саясатына қатысты қысқаша шолу мен ұсынымдарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Отырысқа ХКҚҰ бенефициарлары, сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі сияқты мемлекеттік биліктің негізгі органдарының серіктестері қатысты. Дөңгелек үстел барысында
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын таныстырды. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ҚР аумағындағы ауған әйелдері мен қыздарының қажеттіліктері мен осалдықтарын анықтау бойынша зерттеу қорытындыларын таныстырды.

Зерттеу ағымдағы жылдың қараша айында «Сана Сезiм» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қолдауымен өтті, ал
ХКҚҰ бенефициарларға қолжетімділікті Magnum желісінің азық-түлік сертификаттарын Ауғанстаннан келген мигранттардың осал топтарына және олардың Алматы мен Шымкенттегі отбасы мүшелеріне беру жөніндегі гуманитарлық акциясы барысында қамтамасыз етті. ХКҚҰ гуманитарлық акциясы 800-ден астам адамды, яғни Ауғанстан азаматтарын қамтыды және
2022 жылғы тамызда Алматы, Шымкент, Астана, Қарағанды және Семей қалаларындағы 1200-ден астам адамды қамтыған ХКҚҰ-ның алдыңғы гуманитарлық науқаны барысында қамтылмаған осал мигранттарды қолдауға арналды. Гуманитарлық науқанға Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қолдау білдірді.

Дөңгелек үстел отырысы және одан кейінгі ұсынымдар 2022 жылға арналған КЖШ қағидаттарын іске асыру жөніндегі келісілген тәсілде ХКҚҰ және оның серіктестері – ҚР мемлекеттік билік органдарының күш-жігерін үйлестіруде ақырғы шара болды.  Соңғы екі жыл ішінде БҰҰ көші-қон желісінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ЖММ мәселелерінде Қазақстанға ХКҚҰ көрсететін техникалық қолдау ҚР Үкіметінің қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды, бұл көші-қон туралы жаһандық шарттың қағидаттары мен міндеттерін орындаудағы Қазақстан Республикасының жалпымемлекеттік тәсілі мен бейілділігін айқындайды.

SDG 10 - Reduced Inequalities