News
Local

Климаттың өзгеруінің халықтың мобильділігіне әсері бойынша лонгитюдті зерттеудің басталуы, Алматы, Қазақстан

Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) ұйымдастырған екі күндік семинар-практикумның басты тақырыбы «Көші-қон, қоршаған орта және климаттың өзгеруі» болды. 22-23 маусымда Алматы қаласында өткен іс-шара Орталық Азияның бес елінен: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан мемлекеттік органдар мен зерттеушілер қоғамдастығын біріктірді.

Жаттықтырушылар құрамын Population Council (Үндістан) және ХКҚҰ мамандары құрады. Доктор Санграм Патель, Низамуддин Хан, Абхишек Кумаа, Шильпи Рампал және ХКҚҰ-ның Көші-қон, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі өңірлік маманы доктор Сумядип Банерджи бірқатар практикумдар өткізді. Сарапшылар көші-қон, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелері тұрғысынан зерттеу әдіснамасын егжей-тегжейлі талдады.

Іс-шараға қатысушылар белсенді қолдаған лонгитюдті зерттеуге арналған сауалнамаға түзетулер енгізу жұмыстың маңызды мезеті болды.

Семинар АҚШ Мемлекеттік департаментінің Тұрғын халық істері, босқындар және көші-қон бюросының, сондай-ақ ХКҚҰ Даму қорының (IDF) қолдауымен «Көші-қон бойынша Азия өңірлік бағдарламасы» ХКҚҰ жобасы аясында өтті.

SDG 13 - Climate Action