News
Local

ХКҚҰ Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон мәселелері бойынша жедел желі операторларын оқытады

Бішкек – 2024 жылғы 27 маусымда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) Қазақстанда, Қырғыз Республикасында, Тәжікстанда және Өзбекстанда маусымдық жұмысшылар бағдарламасы (SWS) бойынша Ұлыбританияға сапар шегуді жоспарлап отырған әлеуетті мигранттарға қолдау көрсету бойынша жедел желі операторларына арналған тренингтер сериясын іске қосты.

Әлеуетті мигранттар, сондай-ақ Ұлыбританияда жүргендер өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы біліп, егер олар шыққан елдерде, транзитте немесе Ұлыбританияда еңбек қанауы, алаяқтық және жалған ақпарат, әдепсіз жалдау немесе басқа да теріс қылықтар сияқты мәселелерге тап болса, қайда жүгінуге болатындығын білуі өте маңызды. Осылайша, ХКҚҰ-ның қауіпсіз көші-қон жөніндегі жедел желі операторлары Орталық Азияда да, Ұлыбританияда да мигранттарға қалай қолдау көрсету керектігі туралы кең білімге ие болуы керек.

Бағдарлама туралы білімді тереңдету мақсатында Ұлыбританиядағы ХКҚҰ және Орталық Азиядағы ХКҚҰ миссиялары жұмысшы мигранттардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Ұлыбританияда кездесетін осалдықтар мен проблемалар сияқты тақырыптарды қамтитын жедел желі операторларына арналған тренинг ұйымдастырды.  Еңбек құқықтары орталығы мен Еңбекшілерді қолдау орталығы – еңбекші мигранттарға жұмысқа орналасудың бірқатар мәселелері бойынша кеңестер мен ұсыныстар беретін Британдық ҮЕҰ – өз қызметінің саласы туралы және жедел желі операторлары Ұлыбританияда жұмыс істейтін Орталық Азиядан келген мигранттарды, егер олар қиындықтарға тап болса, оларға жібере алатындығы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта, қазақстанда халықтың көп бөлігі шетелге жұмыс жасауға ағылып кетуде. Сеп біреу жоғары жалақы алу және жақсы өмір сүру. Шетелге жұмыс жасауға бару үшін ортада делдалдарға көптеген ақша беріп, соңын өзінде оның көбі жұмысқа қол жеткізе алмай (шетелге бармай) қалады. Бүгінгі тренингте, осы тақырыптарды толық ашты, талқылады және түсіндірді. Әсіресе Ұлыбритания елінің өкілдері. Мен өзім өте көп ақпарат алдым және алдағы өмірде оны қолданатын боламын. Осы тренингдегі ақпараттарды, яғни Ұлыбританияға қалай заңды және артық ақша құртпай жұмыс жасауға болатыны туралы қазақстандағы жергілікті атқарушы органдар арқылы кеңінен таратуды және насихаттауды ұсынамын», - деп бөлісті тренингке қатысушы Саят Қозиев, Қазақстандағы қауіпсіз көші-қон жөніндегі жедел желі операторы.

Тренинг ХКҚҰ­­ «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны» өңірлік жобасының бөлігі болып табылады. Оның мақсаты - Орталық Азиядан маусымдық ауыл шаруашылығы жұмысшыларының қорғалуы мен әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ Орталық Азияның қатысушы елдерінің экономикалық дамуына үлес қосу.

SDG 8 - Decent Work and Economic Growth
SDG 10 - Reduced Inequalities
SDG 17 - Partnerships for the Goals