-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
ХКҚҰ Өңірлік директорының Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесуі
Астана, 2022 жылғы 12 қазан – Орталық Азия бойынша ХКҚҰ Субөңірлік кеңсесінің бастамасымен Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ХКҚҰ Өңірлік директоры Манфред Профазидің Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен кездесуі өтті.
2010 жылдан бастап тығыз ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, тараптар мигранттар мен адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғау сияқты маңызды бағыттарды атап өтті.
Атап айтқанда, адам саудасына қарсы күрес саласында тараптар 2022 жылғы сәуірде қабылданған Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚР Адам саудасына қарсы
іс-қимыл туралы заң жобасын әзірлеуде ҚР Ішкі істер министрлігіне қолдау көрсетуде.
ХКҚҰ Өңірлік директоры мен Омбудсмен Ауғанстаннан келген осал мигранттарға көмек көрсету нәтижелерін талқылады және адам құқықтары жөніндегі іс-қимылдың екінші жоспарын іске асыру шеңберінде жұмысшы мигранттардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен қызметті жалғастыруға уағдаласты.