-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ Көші-қон агенттігі ҚазПоштамен бірлесіп Халықаралық мигранттар күніне арналған естелік марка шығарады
Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ Көші-қон агенттігі ҚазПоштамен бірлесіп Халықаралық мигранттар күніне арналған естелік марка шығарады.
2023 жылғы 7 желтоқсан, Астана – «Ұлттық заңнамаға адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды енгізу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ХКҚҰ Қазпоштамен бірлесіп, 18 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық мигранттар күніне бағытталған естелік марка шығарады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің кеңсесі ұйымдастырды.
Адам құқығы да мигранттардың құқығы. Атап айтқанда, «Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы» халықаралық конвенциясына сүйенетін болсақ, шыққан еліне қарамастан мигранттардың жүріп-тұру, діни сенім білдіру, өз пікірін білдіру, жеке меншікті қорғау және қауіпсіздік құқығын, мәжбүрлі еңбектен қорғау құқықтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғаланады.
Қауіпсіз және тұрақты көші-қон жолдарының болмауына байланысты жыл сайын миллиондаған адам
Климаттың өзгеруі мигранттарға да қауіп төндіреді. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2050 жылы климаттың өзгеруі әлем бойынша шамамен 216 миллион адамды үйлерін тастап, көшуге мәжбүрлейтін болады. Ішкі климаттық көші-қон ошақтары 2030 жылдың басында қалыптасуы мүмкін және бұл динамика 2050 жылға дейін сақталатыны күтілуде.
Мигранттар – тұрақты даму мен инновацияның агенттері. Олардың қаржы аударымдары экономиканың дамуына әсер етеді, әсіресе даму деңгейі орта және төмен елдерде және олардың еңбек нарығындағы рөлі ең маңызды болып қала бермек. Мигранттардың білімі, желілері мен дағдылары төзімді қауымдастықтардың дамуына үлкен үлес қосты. Еңбек мигранттарының үйлеріне жіберген қаржы көлемі табысы төмен және орта елдердегі тұрғындар үшін өмірлік арқау. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2023 жылы табысы төмен және орташа елдерге ақша аударымдары 1,4%-ға артып, шамамен $656 млрд құрады. Аймақтар бойынша қаржы аударымдарының ағыны Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағында 0,7%-ға (130 млрд долларға дейін), Еуропа мен Орталық Азияда 19%-ға (79 млрд долларға дейін) өстті. 2022 жылы қаржы аударымдарыны түсетін елдер қатарына Үндістан (111 миллиард доллар), Мексика (61 миллиард доллар), Қытай (51 миллиард доллар), Филиппин (38 миллиард доллар) және Пәкістан (30 миллиард доллар) кірді. 2023 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан Республикасының қаржы аударымдары орта есеппен 72,82 млрд теңгені (154,1 млн АҚШ долларын) құрады. Бұл 2022 жылдың көрсеткішіне карағанда 94,6 млрд теңгеге (198,5 млн АҚШ доллары) немесе 22,3 пайызға аз.
Ресей Федерациясы (24,6 пайызға) мен Грузия (59,7 пайызға өсім) елдеріне жіберілген ақша аударымдарын қоспағанда, Қазақстаннан жіберілген қаржы аударымдары төмендегенін байқауға болады. Бірінші жағдайда, Украина дағдарысы мен Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы әлеуметтік-сауда қатынастарының күшеюіне байланысты болса, Грузияға ақша аударымдарының артуы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында екіжақты тауар айналымының 30 пайызға өсуімен байланысты.
ХКҚҰ үкіметтік серіктестерге, азаматтық қоғамға және әсіресе Қазпоштаға ХКҚҰ миссиясын ілгерілетудегі үздіксіз ынтымақтастығы және қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Жыл сайын 18 желтоқсанда, еңбекші-мигранттардың құқықтары туралы конвенция қабылданған күні атап өтілетін Халықаралық мигранттар күніне арналған пошта маркасы қабылдаушы қауымдастықтар, мигранттар мен олардың отбасылары үшін әділ және қауіпсіз қоғам құруға қосқан символ ретінде көрсетілетін болады. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Швейцариялық Даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) жомарттықпен қолдады.