-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Қазақстанда қоныс аударуды есепке алу жүйесі бойынша іс-шаралар басталды
Шымкент, 2023 жылғы қаңтар - Қазақстанда Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қаржыландыратын Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны жөніндегі өңірлік бағдарлама басталды, оның мақсаты еңбек көші-қонын басқаруды жақсартуға және адамдардың мобильділігін шыққан елдерінде де, баратын елдерінде де дамыту үшін пайдалануға үлес қосу болып табылады. Жобаға қатысушы елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан.
Жоба нысаналы елдердегі үкіметтер мен басқа да мүдделі тараптардың проблемаларды анықтау мен ұлттық және өңірлік деңгейлердегі еңбек көші-қоны саласындағы саясат пен процестерді тұрақты бейімдеу және жетілдіру жөніндегі күш-жігерлерін қолдауға бағытталған.
Жоба алты негізгі нәтиже аясында үкіметтердің және нысаналы елдердегі басқа да мүдделі тараптардың проблемаларды анықтау, тұрақты бейімделу, ұлттық және өңірлік деңгейде еңбек көші-қоны саласындағы саясат пен процестерді жақсарту үшін үйлестіру тетіктерін дамыту жөніндегі
күш-жігерлерін қолдауға бағытталған. Шымкентте өткен дөңгелек үстел
«Көші-қонды тіркеу жүйесін жетілдіру» бағдарламасының алтыншы нәтижесін іске асыруға арналған, ол қоныс аударуды тіркеу жүйесін (матрицасын) құруды көздейді. Сонымен қатар ол қоныс аударған халықтың қозғалысы мен өзгеріп отыратын қажеттіліктерін жақсы түсінуді қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты үнемі және жүйелі түрде жинауға, өңдеуге және таратуға арналған.
Бұл жұмысты жүзеге асыруда маңызды рөл құқық қорғау органдарына жүктеледі, олардың қызметкерлері мигранттардың есебін жүргізеді, тұрғылықты жері бойынша тексерулер өткізеді, әртүрлі рұқсаттар береді және тұтастай алғанда мигранттармен күнделікті іс-қимылдарында тікелей өзара әрекеттеседі.
Қоныс аударуды қадағалау матрицасы – бұл бүкіл әлемде неғұрлым ұйымдасқан және ақпараттандырылған көші-қон үшін пайдаланылатын құрал және Қазақстанды осы жаһандық бастамаға қосу әрі оның қолданылуы туралы білу үшін 12 өңірдің полиция өкілдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың төрағалығымен жиналды. Жергілікті полиция қызметінің басшылары, сондай-ақ көші-қон қызметінің басшылары DTM құралын пайдалану, қолдану және тағайындау бойынша оқудан өтті. Барлығы
33 қатысушы білімді игеру, тәжірибе алмасу және Қазақстандағы жұмысқа сүбелі үлес қосу бойынша күш-жігерге қосылды. Тараптар мигранттардың орналасқан жерін анықтау мақсатында базалық бағалау жүргізу үшін деректер жинаушылар мен өңірлердегі полиция басқармалары арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.