-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
ХКҚҰ «гуманды және реттелген көші-қон мигранттар мен қоғамға пайдасын тигізеді» деген қағидатты ұстанады. Осы шеңберде ХКҚҰ мемлекеттердің еңбек көші-қонын басқару бойынша, атап айтқанда қысқа мерзімді мекен аудару мен циркулярлық көші-қонды басқару бойынша күш-жігерін қолдауда үлкен рөл атқарады.
Орталық Азияда ХКҚҰ -ның көші-қонның туындайтын мәселелеріне қалыптасып қалған және пробелсенді тәсілі бар. Ол мүдделі тараптармен, саясаткерлерден бастап, ұлттық үкіметтер мен азаматтық қоғам мен жеке секторға дейінгі барлық деңгейде жақсы қарым-қатынасын көрсетті. Мұнымен қоса, ол қажетті мамандарды дер мезгілінде тартудағы өзінің қабілетін дәлелдеді. Бұл мықты тұстары ХКҚҰ -ға еңбек көші-қоны бойынша барлық деңгейлерде күрделі, көп қырлы бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Еңбек көші-қоны көптеген отбасылар мен Орталық Азиядағы кедейшілік мәселесіне жекелеген тұлғалардың кеңінен таралған жауабына айналып отыр. Жұмыссыздық пен кедейшілік еңбек көші-қонына итермелейтін факторлар ретінде қабылданады. Еңбек мигранттарының көбісі өздерінің мекен аударуын уақытша деп есептейді және отбасын асырау үшін жеткіліксіз табыстың салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болғанын мәлімдейді. Көп жағдайларда еңбек мигранттары жіберетін ақша аударымдары туып-өскен елінде қалған көптеген отбасылар үшін күнкөрісті қамтамасыз етудің жалғыз тәсілі болып табылады.
Еңбек мигранттары өңірдегі екі басты қабылдаушы елдердің: Қазақстан және Ресейдің өсіп келе жатқан экономикасына өз үлесін қосады. Көбіне бұл көші-қон шетел жұмыскерлері үшін заңды процедуралардың күрделілігіне және өңірде жұмыс істеуге рұқсат беру процесінің шиеленістілігіне байланысты заңсыз жүреді.
Орталық Азиядағы көші-қон және дамуға ХКҚҰ -ның бағдарламалық тәсілі келесі түйінді артықшылықтармен айқындалады:
- Мигранттардың, олардың отбасыларының, қабылдаушы қоғамдастықтардың және олар баратын қоғамдастықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету;
- Еңбек ресурстарын қабылдаушы және бағыттаушы елдер арасындағы мемлекетаралық диалог пен саясатты үйлестіруге ықпал ету;
- Үкіметтер мен қоғамға еңбек мигранттарының үлесін мойындау мен түсінуге көмек көрсету;
- Үкіметтермен еңбек көші-қон лектерін заңдастыру мәселесі жөнінде жұмыс жүргізу;
- Еңбек етуші мигранттардың құқықтарын ілгерілету;
- Көші-қон мәселелерін жергілікті, ұлттық және өңірлік деңгейлерде дамудың күн тәртібіне енгізу;
- Бүкіл миграциялық циклда еңбек көші-қонына ықпал ету;
- ХКҚҰ көші-қон және даму саласындағы қызметі келесі компоненттерге негізделеді;
- Институционалдық, саяси және заңнамалық өзгерістерді қолдау;
- Еңбек көші-қоны процестерін басқару үшін әлеуетті арттыру;
- Мигранттар мен олардың отбасыларына ақпараттық-кеңес беру қызметтері және басқа да көмек көрсету.