Қабылдаушы елдер үкіметтерінің сұрауы бойынша ХКҚҰ мигранттардың шетелге қоныс аудару, жұмысқа орналасу мақсатымен кетуіне, мигранттарға көмектің нақты бағдарламаларына қатысуына дейін немесе уақытша немесе тұрақты виза алуы үшін олардың физикалық және психикалық денсаулық күйін бағалауды жүргізеді.

Қазақстан ХКҚҰ Астана және Алматы қалаларында денсаулықты бағалауды жүргізеді:

  • Астана қаласында жазылу үшін medastana@iom.int поштасына жазуыңызды өтінеміз (Ұлыбритания және Канада үшін)
  • Алматы қаласында жазылу үшін medalmaty@iom.int поштасына жазуыңызды өтінеміз (Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландия)

Жұмыс сағаттары: 08:30 - 17:00

Жазба электронды пошта бойынша жүргізіледі. Өтінімдер санының артуына байланысты сұрауларды өңдеу уақыты 3 жұмыс күнін алуы мүмкін.

Өтінімдерді өңдеу реттілігі:  

  1. Өтінімді алу
  2. Дербес деректерді жіберу
  3. Төлем бойынша ақпарат
  4. Клиенттің түбіртекті ұсынуы
  5. Төлемнің түсуі және жақын арадағы жазба туралы хабарлау
  6. Клиенттен жауап-растама
  7. Жазба

Барлық алынған өтінімдер қатаң кезек тәртібінде өңделетінін назарға алыңыз.

Өтінеміз, ақпарат үшін алдыңғы хат алмасуды сақтаңыз.

Электрондық пошта арқылы кездесуге жазылу үшін қажетті ақпарат

Медициналық куәландырудан өтуге өтінімді ресімдеу үшін хатта дербес деректеріңізді ұсынуды өтінеміз:  

  • Қараудан өтуі талап етілетін әрбір клиенттің ТАӘ 
  • Медициналық куәландыру қай ел үшін талап етіледі (UK/CANADA/AUSTRALIA/NEWZEALAND)
  • Медициналық істің нөмірі (IME  Канада үшін, HAPID Аустралия үшін, NZER Жаңа Зеландия үшін, бар болған жағдайда)
  • Визаның түрі
  • Жүктіліктің болуы (иә/жоқ)
  • Қараудан өтуі талап етілетін әркімнің төлқұжат көшірмесі
  • Байланыс деректері (имейл, ұялы телефоны)/Егер ресімдеу агенттік арқылы өтетін болса, студенттің/апликанттың тікелей ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕНЖАЙЫН  ұсынуды өтінеміз;
  • Тұратын қаласы
  • ЖСН (медициналық куәландыруды Астана қаласында жоспарлаған клиенттер үшін)
  • Сіз бұрын ХКҚҰ -да медициналық қараудан өттіңіз бе? Егер солай болса, онда қарау  күнін көрсетіңіз.

Денсаулық жағдайын бағалау туралы ақпарат

Сіз медициналық куәландыру бойынша ақпаратты осы жерден таба аласыз: