News
Local

ХКҚҰ1414 байланыс орталығының операторларына арналған Ұлыбританиядағы Қазақстандық маусымдық жұмысшыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында оқыту өткізді

15-ақпан  2025 жыл, Астана. Халықаралық көші-қон ұйымы 1414 байланыс орталығының операторларына арналған Ұлыбританиядағы Қазақстандық маусымдық жұмысшыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында оқыту өткізді.

Қазақстаннан Ұлыбританияға маусымдық жұмысқа баратын азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. 2023 жылы Қазақстандық еңбек мигранттарына  5014 Ұлыбританияға маусымдық жұмыс визасы берілді. Бұл үрдіс аясында маусымдық жұмысшылардың көші-қон тәжірибесін оңтайлы ету, яғни жұмысқа қабылдаудан бастап еңбек процесі мен елге қайтуға дейінгі барлық кезеңдерде қолайлы жағдай жасау өте маңызды.

Халықаралық көші - қон ұйымы (ХКҚҰ) Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен және қаржыландыруымен “Орталық Азиядан Ұлыбританиядағы маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны”  атты аймақтық жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның негізгі мақсаты — маусымдық жұмысшыларды көші-қон процесі жөнінде ақпараттандыру және олардың құқықтарын қорғау.

Жоба аясында 2025 жылдың 15 ақпанында Қазақстандағы 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторлары үшін арнайы оқыту өткізілді. Оқытудың мақсаты — Ұлыбританияға маусымдық жұмысқа аттанатын мигранттарға сапалы ақпараттық қолдау көрсету үшін 30 оператор мен 10 аналитиктің біліктілігін арттыру болды. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіліп, еңбек шарттары, жұмыс орнындағы қауіпсіздік, төтенше жағдайларға арналған байланыс нөмірлері және қолжетімді көмекке бағыттау тетіктері сияқты маңызды тақырыптарды қамтыды. Бұл оқыту Қазақстан азаматтарының Ұлыбританиядағы маусымдық жұмысы кезінде олардың еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында маңызды қадам болды.

Қазіргі уақытта маусымдық жұмысқа шығатын Қазақстан азаматтары қауіпсіз көші-қон туралы ақпараттық және оқыту материалдарын Еңбек ресурстарын дамыту орталығының порталынан ала алады. Сонымен қатар, ХКҚҰ-ның қолдауымен маусымдық жұмысшыларға арналған кеңес беру қызметін ұсынатын арнайы Қауіпсіз көші-қон телефоны жұмыс істейді. Институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ХКҚҰ бұл қызметті 1414 байланыс орталығына тапсыруды жоспарлауда. Бұл арналар арқылы Қазақстан азаматтары алған ақпараттар мен дағдылар көші-қон процесін қауіпсіз етіп, қанау мен алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді.

Бұл жоба Ұлыбританияның Халықаралық Даму департаментінің қолдауы мен қаржыландыруы арқасында мүмкін болды.

SDG 1 - No Poverty
SDG 5 - Gender Equality
SDG 8 - Decent Work and Economic Growth
SDG 10 - Reduced Inequalities
SDG 16 - Peace Justice and Strong Institutions
SDG 17 - Partnerships for the Goals