-
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ КІМБІЗХалықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) баршаның игілігі үшін гуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бөлігі болып табылады. ХКҰ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
БІЗ ТУРАЛЫ
БІЗ ТУРАЛЫ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХКҚҰ
-
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ
БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗГуманистік және реттелген көші-қонға ықпал ететін жетекші үкіметаралық ұйым ретінде ХКҚҰ гуманитарлық көмекті де, тұрақты дамуды да байланыстыратын жұмыстың түрлі салалары арқылы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің орындалу барысын қолдауға түйінді рөл атқарады.
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
БІР-БІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
- ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
- ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАҢЫЗ
- 2030 Agenda
Интернеттегі алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және әдепті жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін форсайт-әдістерді пайдалану
Алматы, Қазақстан, 3-4 наурыз 2025 жыл – Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны» жобасы аясында семинарды сәтті ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп өткізілген іс-шара жұмысқа орналастыру кезіндегі алаяқтық қылмыстарын анықтауға және жұмыс іздеушілерді қанау үшін қолданылатын түрлі алаяқтық әдістерді талқылауға арналды.
Семинарға мемлекеттік органдар мен Еңбек мобильділігі орталықтарының өкілдері сияқты негізгі мүдделі тараптар қатысты. Қатысушылар жұмысқа қабылдау кезіндегі алаяқтық туралы хабардарлықты арттыру мақсатында нақты жағдайлар, алаяқтықтың салдары және оны болдырмаудың тиімді стратегияларын талқылады. Интерактивті сессиялар барысында қатысушылар еңбек көші-қоны саласындағы алаяқтықтың жаңа үлгілерін зерттеді.
"ХКҚҰ киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша аса маңызды платформа құрды, және мен ұйымдастырушыларға ұсынылған мүмкіндік үшін шын жүректен алғысымды білдіремін", – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция майоры Самал Шарипова. "Халықаралық сарапшылар мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіре отырып, бұл іс-шара киберқылмысқа қарсы күресте ұзақ мерзімді шешімдерді нығайтуға және киберқауіпсіздік саласында құнды тәжірибе алмасуға ықпал етеді".
Іс-шара барысында қатысушылар жолдама берудің тиімді тетіктерін талқылады, мемлекеттік органдар жұмысындағы кемшіліктерді анықтады, жұмысқа қабылдау кезіндегі алаяқтықтың алдын алу және онымен күресудің озық халықаралық тәжірибесін қарастырды. Сондай-ақ, семинар форсайт құралдарын пайдалану арқылы болашақтағы ықтимал мәселелерді болжау, алаяқтықтың алдын алу стратегияларын саясат әзірлеу процесіне енгізу және еңбекші-мигранттарын қорғау мақсатында трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
"Біз әртүрлі мемлекеттік мекемелер мен билік органдарының бұл мәселелерді шешуге деген зор ынтасы мен жауапкершілігін байқап отырмыз, бұл өте маңызды. Еңбекші-мигранттар үшін реттеу мен қорғау тұрғысынан тәуекелдерді тиімді және нәтижелі түрде жоюдың жалғыз жолы – бірлесіп жұмыс істеу. Барлық тиісті мемлекеттік органдар бір мақсат жолында жұмыс істеп, Қазақстандағы әріптестерімен ғана емес, сонымен бірге шыққан және баратын елдердегі әріптестерімен ынтымақтаса отырып, шешімнің бір бөлігіне айналуы керек”, - деді ХКҚҰ сарапшысы Филип Хантер.
Интерактивті сессиялар барысында корпоративтік алаяқтықтың шынайы оқиғалары талқыланды, сондай-ақ үміткерлерді тексерудің дәстүрлі әдістері, соның ішінде өмірбаянын тексеру, сұхбаттасу және тестілеу қарастырылды. Қатысушылар еңбекші-мигранттарын қауіпсіз жұмысқа қабылдау жөніндегі халықаралық тәжірибемен танысып, бірнеше халықаралық істі талдады. Сондай-ақ жаһандық нарықтағы алаяқтықтың алдын алу үшін қолданылатын технологиялар мен стратегиялар, жұмысқа қабылдау кезіндегі алаяқтыққа қарсы күрестің озық әлемдік тәжірибелері, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы халықаралық стандарттар мен құралдар қарастырылды. Қосымша тақырыптар қатарында жұмысқа қабылдау саласындағы киберқылмыс, алаяқтардың жұмыс іздеушілерді пайдалану әдістері, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың алаяқтыққа қарсы күрестегі және алаяқтар қолдана алатын құралдар ретіндегі рөлі қамтылды.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстандағы алаяқтықтың алдын алу тәжірибесін талқылап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне арналған ұсыныстар әзірледі. Бұл ұсыныстар еңбекші-мигранттарының мүдделерін ескере отырып, жұмысқа қабылдау процесін қауіпсіз әрі ашық етуге бағытталған.
Жалпы ақпарат: Ұлыбританиядағы маусымдық жұмысшылар схемасы (SWS) маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарында еңбек тапшылығын толтыру үшін маусымдық жұмысшылардың Ұлыбританияға 6 айға дейін кіруіне және жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 2020 жылдан бастап Ұлыбританияда маусымдық жұмысқа виза алатын Қазақстан азаматтарының саны айтарлықтай өсіп, 2024 жылы 5000-нан асты. Көші-қон тәжірибесінің барынша оң болуы – жұмысқа орналасудан бастап, еңбек қызметіне және отанына оралуға дейінгі барлық кезеңде – тәуекелдерді азайту және мұндай көші-қонның еңбекші-мигранттары мен олардың отбасылары үшін өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз етудегі артықшылықтарын арттыру үшін өте маңызды.
Қазақстанда SWS шеңберінде еңбекші-мигранттарын іріктеуді ресми түрде Ұлыбританияда орналасқан SWS операторлары (жеке рекрутингтік компаниялар) және олардың қосалқы мердігерлері (сондай-ақ жеке рекрутингтік компаниялар), Ұлыбритания үкіметінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады. SWS туралы және, әсіресе, жұмысқа қабылдау үдерісі туралы Қазақстан үкіметі сенімді ақпарат таратпағандықтан, дезинформация мен алаяқтық кең таралған.
2024 жылдан бастап ХКҚҰ Қазақстан үкіметінің SWS шеңберіндегі елдік деңгейдегі қызметін қолдап келеді. Бұл еңбекші-мигранттарының SWS туралы нақты және сенімді ақпарат алуын қамтамасыз етіп, қанау мен адам саудасының қаупін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл еңбек көші-қоны ағынын реттеуге, еңбекші-мигранттарының құқықтарын қорғауға және Ұлыбританиямен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
ХКҚҰ жалдау кезіндегі алаяқтықпен күресуге және еңбекші-мигранттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай прогреске әкелетін серіктестікті нығайтуға ұмтылады. Алдағы уақытта ұйым халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіз еңбек көші-қонын қамтамасыз етуге бағытталған саяси тетіктерді одан әрі нығайтуды көздеп отыр.
БАҚ сұрақтары бойынша хабарласу үшін:
ХКҚҰ Қазақстан: Әлия ҚОЖАХМЕТОВА, akozhakhmeto@iom.int
SDG 1, 5, 8, 10, 16, 17